Ауа райы
Астана 32 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Атырауда 600-ден астам дәрігер коронавирус жұқтырғандарды емдеп жатыр

2020 жылдың 4 сәуір 2020 02:29

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында коронавирус инфекциясына қарсы күреске 600-ден астам дәрігер жұмылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникация қызметінің хабарлауынша, қазір медицина қызметкерлері үш стационарда жұмыс істеуде. Соның ішінде инфекциялық стационарда науқастарды емдеуге 38 дәрігер, 60 орта, 60 кіші медицина қызметкері тартылған. Ал, провизорлық стационарда 40 дәрігер, 76 орта және 76 кіші медицина қызметкері жұмыс істеуде. Сондай-ақ, карантиндік стационарда 54 дәрігер мен 216 орта және кіші медқызметкер бар.

«Қажеттілік туындаған жағдайда резервке арнайы дәрігерлер мен медқызметкерлер алынған. Мәселен, инфекциялық стационар үшін 3 дәрігер, 12 орта және кіші, провизорлық стационарға –2 дәрігер, 16 орта және кіші, карантиндік стационарда жұмыс істеуге 6 дәрігер мен 22 орта және кіші медқызметкер дайын отыр.


Жоғары қарай