Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырауда 6 жасқа дейінгі балаларға жоспарлы екпе салу басталды

2020 жылдың 6 тамыз 2020 15:01

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 6 жасқа дейінгі балаларға жоспарлы екпе салу басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 17 тамыздан кейін жоспарлы медициналық тексеріс жалғасатын болады.

«Жасы алтыға толған балалардың денсаулығын тексеру карантин кезінде тоқтатылған еді. Өткен аптаның басында емханаларда алты жасқа дейінгі балаларға жоспарлы вакциналары қайта салына басталды. Карантин режимі аяқталғаннан кейін 6 жастағы балаларды медициналық тексерістен өткізуді жоспарлап отырмыз. Өйткені, бұл жастағы балалар мектепке барады. Сондықтан, профилактикалық екпелерін алып, жаңа оқу жылына дайын отыруы керек», - дейді №3 Атырау қалалық емханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Клара Жасақбаева.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балалардың иммунитетін көтеру жөнінде тапсырма берілген еді.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Медицина,
Жоғары қарай