Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 51 жастағы тұрғын үйінің ауласында асылып қалды

2021 жылдың 16 маусым 2021 21:41

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 51 жастағы ер адам өзіне қол салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қайғылы оқиға 15 маусымда қала маңындағы «Өркен» шағын ауданында болған.

Өз үйінің ауласында 51 жастағы ер адам асылып қалған.

«Оның денесі жазғы жуыну кабинасынан табылды. Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 105-бабымен (Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу) сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан 1 адам мерт болып, екеуі ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай