Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 5 мың отбасыға электр қуаты жаңа трансформаторлардан беріледі

2020 жылдың 29 қараша 2020 04:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 5 мың отбасы жаңа трансформаторларға қосылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігі Атырауға 50 толық жабдықталған жаңа трансформаторлық қосалқы станса жеткізілгенін мәлім етті. Енді бірнеше жылдан бері жарыққа қатысты шағымданып келген 5 мың отбасының мәселесі шешілмек.

Электр қуатын жеткізу сапасын жақсартатын трансформатор қала маңындағы елді мекендерге орнатыла бастады. Мәселен, «Лесхоз» шағын ауданындағы 32 көшеге орнатылған трансфоматор кеңес дәуірінен бері жаңартылмаған еді. Енді осындағы тұрғындарға электр қуатын үздіксіз беру үшін қолданыстағы трансформаторларға әрқайсысының қуаты 630 квА болатын 2 жаңа құрылғы орнатылды.

Ал, «Толқын» шағын ауданының тұрғындарына да жарық енді жаңа трансформатордан таратылады. Қазір «Атырау-Жарық» АҚ мамандары жаңа трансформаторларды «Жерұйық» шағын ауданы мен Ақсай елді мекеніне де орнатып үлгерді. Алдағы күндері жаңа трансформаторлар «Ескі әуежай», «Геолог», «Балықшы» және «Жұмыскер» шағын аудандарына, қаланың өзге де бөлігіне қойылады.

Жоғары қарай