Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 3 құрылыс компаниясы елді үлескер болуға шақырып, ақшасын пайдаланған

2020 жылдың 31 шілде 2020 02:12

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 3 компания жеке және заңды тұлғалардың ақшасын заңсыз тартқан. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның мәліметінше, Атырау облысының прокуратурасы үлестік тұрғын үй құрылысына мониторинг жүргізген. «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның талаптарына сәйкес, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу 3 тәсілмен (кепілдік беру қоры, банк немесе әкімдіктің рұқсаты арқылы) ұйымдастырылады.

Өзге тәсілдермен жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынған.

«Мониторинг кезінде Атырау қаласында 3 құрылыс компаниясы жарнаманы бұқаралық ақпарат құралдарында заңсыз жариялап, жеке және заңды тұлғалардың ақшасын рұқсатсыз тартқаны анықталды. Прокуратура «BASTAU CONSTRUCTION», «Real Estate Капитал» және «ORKALI» ЖШС-теріне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 320-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік іс қозғады. Аталған компанияларға Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл салды» деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 8 дәріханаға айыппұл салынған еді.


Жоғары қарай