Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 20 жастағы алаяқ үш жыл бойы мәжбүрлі еңбекке тартылады

2021 жылдың 16 маусым 2021 00:54

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 20 жастағы алаяқтың бас бостандығы 3 жылға шектелді. Енді ол жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, қалалық басқарманың кезекші бөліміне Е. есімді тұрғын арызбен жүгінген.

«Шағымданушы белгісіз адам интернет желісі арқылы өзін жұмысқа орналастыруға уәде етіп, ақшасын иеленіп алғаны жөнінде айтқан. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігі, 4-тармағы негізінде сотқа дейінгі бірқатар тергеу әрекеті жүргізілді. Бірнеше мекемеге сұраныс хаттар жолданды. Іздеу шараларының нәтижесінде күдіктінің жеке басы анықталды. Күдіктінің бұл бірінші құрбаны емес. Ол ақпараттық жүйені пайдаланушының сенімін теріс пайдалану жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында «Telegram» әлеуметтік желісіне жұмысқа орналастырып беретіні жөнінде жарнама орналастырған. «WhatsApp» әлеуметтік желісінің «статус» бөліміне «вакансия» деп көрсетіп қойған», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Тергеу нәтижесімен іс сотқа жолданған. Ал, сот шешімімен айыпталушы кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығы шектелді. Сондай-ақ жыл сайын 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылу жазасы тағайындалды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда танысының 2 миллионнан астам теңгесін алдап алған алаяқ сотталғанын жазған болатынбыз.


Жоғары қарай