Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырауда 12 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүрген әйел ұсталды

2021 жылдың 21 тамыз 2021 14:21

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда 12 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүрген әйел ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, патрульдік полиция қызметкерлері мен жеке сот орындаушылар палатасының жеке сот орындаушыларының бірлескен рейдтік іс-шарасында төленбеген айыппұлы бар 30-дан астам автокөліктің иесі анықталған.

«Бұл автокөліктердің иелері жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғаны үшін «Сергек» камераларына түскен. Патрульдік полиция қызметкерлері Абай көшесі мен Азаттық даңғылының қиылысында «Toyota Camry» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде 41 жастағы әйелдің басқаруындағы көлік иесінің 12 млн-нан астам теңгені құраған айыппұлы бары анықталды. Жеке сот орындаушысының көлік құралын ұстау туралы қаулысымен автокөлік арнаулы тұраққа қойылды» - дейді облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір аптада айыппұлы төленбеген 42 көлік тұраққа қойылған болатын.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Көлік, Заң,
Жоғары қарай