Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы -13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау тұрғынынан 5 келіден астам есірткі тәркіленді

2020 жылдың 30 қазан 2020 22:08

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласының маңындағы Зарослый елді мекенінің тұрғынынан 5 келіден астам есірткі тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде 28 жастағы тұрғынды ұстады.

«Ұсталған тұрғынның үйінен екі полиэтиелен қапқа салынған есірткі заттары тәркіленді. Сараптама қорытындысымен тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 5 келі 30 грамды құрады. Күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабымен (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Атырау полицейлері 1 маусымда басталған «Қарасора» жедел іс-шарасы кезінде заңсыз айналымнан 20 келіден астам есірткі заттарын тәркіледі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда қаруды заңсыз сақтап, қарасора өсірген тұрғын қамалған болатын.


Жоғары қарай