Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысының Жылыой ауданында 75 орындық аурухана салынып жатыр

2020 жылдың 4 тамыз 2020 08:35

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Жылыой ауданында жалпы құны 7175,4 млн теңгені құрайтын 75 орындық аурухана салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметіне сүйенсек, Жылыой ауданының орталығы –Құлсары қаласындағы 75 орындық аурухана құрылысына «Теңізшевройл» ЖШС-нің «Игілік» бағдарламасымен 7175,4 млн теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары биылғы мамырда басталған. Келесі жылы пайдалануға тапсырылмақ.

Аурухананың негізгі корпусы 55 орынға ыңғайланған. Балалар бөлімшесіне 10, инфекциялық бөлімшеге 10 орын арналған. Мұнда кір жуатын бөлмелер, көлік гаражы, бақылау-тексеру бекеттері, өрт сөндіру жабдықтары, арнайы орындар, 65 текше метр таза су жинайтын цистерна, септик, пациенттер үшін автотұрақ қарастырылған. Құрылыс жұмысына жергілікті тұрғындар тартылған.

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов аурухана құрылысымен танысып, мердігерлерге сапалы әрі белгіленген кестеге сәйкес жұмыс істеуді тапсырды.

Еске сала кетелік, Атырау облысында 278 медицина маманы жетіспейтінін жазған болатынбыз.


Жоғары қарай