Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысының сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жаңа басшы келді

2020 жылдың 16 қараша 2020 17:47

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы қызметіне Ринат Джанглишов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов таныстырды.

Ринат Бауыржанұлы Джанглишов 1982 жылы Атырау қаласында дүниеге келген.

2003 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша бітіріп, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетін «экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2017 жылы Атырау мұнай-газ университетін аяқтап, «мұнай-газ ісі» мамандығын алған.

Еңбек жолын 2005 жылы экономика және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде аға тергеуші болып бастаған.

2010 жылдан құрылыс саласындағы жеке кәсіпорындарда басшылық лауазымдарда қызмет атқарып, 2018 жылдың қазан айынан бастап Атырау қалалық мәслихатының хатшысы болды.

2019 жылдың қараша айынан бастап қазірге дейін Атырау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Айта кетейік, МСҚБ – мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау саласында басшылықты және лицензиарға берілетін өкілеттіктер шегінде функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.





Жоғары қарай