Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Атырау облысының Исатай ауданынан коронавирустың жаңа ошағы табылды

2020 жылдың 24 мамыр 2020 16:50

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 22 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік жедел штабтың хабарлауынша, өткен тәулікте қауіпті инфекция 22 адамнан табылған.

«Науқастардың арасында Теңіз кенішінің 20 жұмысшысы бар. Сондай-ақ, Исатай ауданының тұрғындары – 37 жастағы жігіт 12 жасар жасөспірімнен де анықталды. Екеуі де бұрын ауырған 62 жастағы әйелмен байланыста болған» -деп хабарлады өңірлік жедел

штабтан.

Штабтың мәліметіне сүйенсек, Исатай ауданынан коронавирус инфекциясының жаңа ошағы анықталып отыр. Қауіпті індет Махамбет, Индер, Құрманғазы және Жылыой аудандарының тұрғындарынан да тіркелуде.

Соңғы тәуліктегі деректерді қоса есептегенде, Атырауда коронавирус инфекциясы анықталғандар саны 879 адамға жетті. Сауығып шыққандар –​ 224 адам.​ ​


Жоғары қарай