Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысының екі тұрғыны үйлерін дәріханаға айналдырған

2020 жылдың 10 шілде 2020 14:41

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында полиция қызметкерлері дәрі-дәрмектер мен медициналық масканы заңсыз сатқандарды ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Атырау қаласының 26 жастағы тұрғыны үйінен дәрі-дәрмектерді қымбат бағамен заңсыз сатып келген.

«Тексеру кезінде Ингавирин (5000 теңге), Дексаметазон виал (4000 теңге), Азитромицин (2000 теңге), Дексаметазон (2000 теңге), Лидокаин буфус (1000 теңге), Метронидозол (1000 теңге) дәрі-дәрмектері табылды. Ол бұл дәрілердің барлығын қымбат бағамен сатып отырған», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру шаралары кезінде тағы бір деректі анықтады. Авангард ықшамауданында тұратын тұрғын үйінде медициналық маскаларды өз бағасынан бірнеше есе қымбатқа сатқан. Тексеру кезінде пәтерден 43 мың медициналық маска табылған.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен құқық қорғау органдарына пандемия кезінде дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына жол бермей, реттеуді тапсырды. Полиция қызметкерлері анықтаған деректер бойынша тексерулер жүргізіледі», - деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Атырауда косметикалық клиника дәрі-дәрмекті заңсыз сатып келгенін жазғанбыз.


Жоғары қарай