Ауа райы
Астана 28 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 405.66
EUR 454.70
RUB 5.71
CNY 57.43

Атырау облысының әкімі коронавирус қауіпінің алдын алу дайындығын пысықтады

2020 жылдың 26 наурыз 2020 22:25

АТЫРАУ. ҚазАқпарат -Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов коронавирус қаупінің алдын алу дайындығына қатысты селекторлық режимде жиын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкім жиында облыста, Атырау қаласы мен аудандарда атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Санитарлық бекеттердің жұмысы, тиісті медициналық дәрі-дәрмектер мен құрал-жабдықтардың дайындығын нақтылады. Халық көп жүретін орындарды дезинфекциялаудың тұрақты түрде жалғасатынын айтты.

«Қазір облыста 67 кәсіпкер маска шығаруда. Алайда, бұл әлі де аз. Сондықтан, Атырау қаласында күніне кем дегенде 7000, Жылыой ауданына 3000, өзге аудандарда күніне 1500 маска шығару керек» -деді әкім.

Сондай-ақ, әкім санитарлық бекеттерде өзге өңірлерден келетін азаматтарды мұқият тексеруді, әрбір адамның жеке мәліметін тиянақтауды тапсырды.

«Шекарадан өткен, өзге өңірден келген адамдардың барлығы жіті тексерілуі керек. Қазір облыс бойынша тепловизор құралдары жеткілікті. Сондықтан, қолда бар құралдарды тиімді пайдаланып, жұмысты күшейту керек» - деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.


Жоғары қарай