Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Атырау облысындағы 5-жағдай: Коронавирус жергілікті тұрғыннан анықталды

2020 жылдың 28 наурыз 2020 20:50

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында коронавирус жұқтырудың бесінші оқиғасы тіркелді. Әйел адам оқшауланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, індет жергілікті тұрғыннан анықталған. Оған тест жасалды.

«Бүгін 28 наурызда коронавирус жұқтырған бесінші жағдай расталды. Әйел адам оқшауланып, ауруханаға жатқызылды. Бұған дейін Атырау облысында төрт адам коронавирус жұқтырған еді. Барлығы да стационарлық карантинде жатыр», - делінген ақпаратта.


Жоғары қарай