Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында жыл басынан бері 10 мың тоннадан аса балық ауланған

2021 жылдың 19 қараша 2021 18:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау облысында ауланған балықтың 88 пайызы экспортқа жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы аймақ әкімі Мамахмбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«Облыста балық аулаумен және өңдеумен 16 кәсіпорын айналысады. Шабақ пен бекіре өсіретін 2 зауыт жұмыс істейді. Жыл басынан бері 10 мың тоннадан аса балық ауланды. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 56% артық. 9 мың тонна қайта өңделді. Оның 88%-ы экспортқа жіберілді», - деген аймақ басшысы өңірде медициналық кадр тапшылығы қалай реттеліп жатқанын баяндады.

«Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту аясында 2021 жылы 4 нысан салынды. 6 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Медициналық жабдықтарды жаңартуға 2 млрд теңге бағытталды. Соның арқасныда медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету 78%-тен 91%-ке артты. Биыл медицина саласы мамандарының тапшылығын төмендету үшін өңірге 71 жас маман тартылды, Оның 21-і ауылдарға жіберілді. Сонымен қатар, соңғы 3 жылда медициналық мамандықтар бойынша оқу гранттарының саны 54-тен 71-ге дейін ұлғайттық», - деді Махамбет Досмұхамбетов.


Жоғары қарай