Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында жүк көлігі басқан жігіт мерт болды

2021 жылдың 14 маусым 2021 18:45

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жүк көлігі басқан жігіт мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Жылыой ауданында адам өліміне соқтырған еңбек қағидаларын бұзу дерегі тіркелген.

​Оқыс оқиға 12 маусымда сағат 17:00 шамасында Теңіз кенішіндегі зауыттардың бірінің аймағында болған.

«Үйілген топырақтың жанында 1987 жылы туған жүргізуші «Шахман» маркалы ауыр жүк тасымалдау автокөлігімен 29 жастағы қызметкерді басып кеткен. Қызметкер оқиға орнында қаза тапты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішінде автобус пен пикап соқтығысқанын хабарлаған едік.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Оқиға, Атырау облысы, Жол, Көлік,
Жоғары қарай