Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

2021 жылдың 19 маусым 2021 17:12

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, жол-көлік оқиғасы Доссор-Құлсары тас жолында болған.

Автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, соның салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты, тағы екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазір Мақат аудандық ауруханасында.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан адамдардың қаза болуы фактісі бойынша ҚР ҚК 345-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», - деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Атырау облысы,
Жоғары қарай