Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында үйірімен жылқы ұрлайтын барымташылар ұсталды

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 15:11

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жылқыны үйірімен айдап кететін барымташылар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Полиция қызметшілері жүргізген жедел іздестіру шарасы барысында мал ұрлаумен айналысатын бір топ адам ұсталды. Олар Қызылқоға ауданында қараусыз жайылып жүрген малдарды қалаға айдап әкетіп отырған. Ұрылар мал иелері оларды бірнеше күннен кейін ғана іздейді деп ойлаған. Барымташыларға Жангелдин ауылынан 20 жылқы және тағы біраз мал ұрлады деген айып тағылып отыр», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ұсталған азаматтар Қызылқоға және Мақат ауданының тұрғындары. Оларға қатысты қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Автор:

А. Соколов


Жоғары қарай