Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында үш күнде 1 201 адам коронавирусқа шалдықты

2022 жылдың 15 қаңтар 2022 16:59

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау облысында үш күнде 1 201 адамкоронавирус инфекциясына шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында соңғы аптада қауіпті вирусты жұқтырушылар саны артып отыр.

Мәселен, 12 қаңтарда 243, 13 қаңтарда 437, ал, кеше, 14 қаңтарда 521 адам коронавирус

инфекциясын жұқтырған.

«Covid-19 инфекциясына шалдығу дерегі әсіресе, Атырау қаласында көбейді.

Мұнайлы шаһарда 14 қаңтарда қауіпті вирусты жұқтырудың 386 жағдайы расталды. Теңіз

кен орнында 27 науқас анықталды. Індеттің белгісі Жылыой ауданында 30, Индерде – 20,

Махамбетте – 18, Қызылқоғада – 11, Құрманғазыда –11, Исатайда – 10, Мақат ауданында 8 адамнан табылды. Коронавирусқа шалдыққандардың арасында 272 науқаста симптомды белгі бар», -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қазір 1 075 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Өңірдегі инфекциялық стационарларда

хаттамаға сәйкес, ем-дом қабылдау үшін 524 науқас оқшауланған. Оның ішінде Теңіз кен

орнындағы инфекциялық стационарда – 279, модульдік ауруханада – 201, аудандардағы

стационарларда – 32, фтизиопульманологиялық орталықта 12 пациент бар.

Еске сала кетелік, бұған дейін «қызыл» аймақтағы Атырау облысында 437 адам

коронавирус инфекциясын жұқтырғаны хабарланған еді.


Жоғары қарай