Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында сұйытылған газ қоры жеткілікті

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 13:59

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында сұйытылған газ қоры жеткілікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық энергетика және Энергетика және тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Назаровтың мәліметіне сүйенсек, 89 газ құю стансасы

бар.

«Президент тапсырмасына сәйкес, Атырау облысында сұйытылған газ бағасы төмендеді.

Мәселен, Атырау қаласы мен Махамбет, Индер, Исатай, Мақат аудандарында сұйытылған газ бағасы 50 теңгеден сатылып жатыр. Ал, облыс орталығынан 200 шақырым қашықта орналасқан Жылыой, Құрманғазы, Қызылқоға аудандарындағы баға – 55 теңге. Қазір өңірде көліктерге сұйытылған газ құятын 89 станса бар. Оның ішінде 51 станса Атырау қаласында, ал, қалғаны аудандарда орналасқан. Облыста сұйытылған газдың қоры жеткілікті. Қазір 2700 тонна сұйытылған газ бар», -деп мәлім етті Ерлан Назаров.


Жоғары қарай