Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында Рfizer вакцинасын 776 адам салдырды

2021 жылдың 6 желтоқсан 2021 13:03

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында Рfizer вакцинасын 776 адам салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, биылғы 1 ақпаннан бері Covid-19 инфекциясына қарсы вакциналардың I компонентін 251 259 адам алған. Ал, вакциналардың ІІ компонентін 231 848 адам ектірген.

«Атырау облысында қауіпті вирустың таралуын тежеуге ықпал ететін вакциналарды салдыру жалғасып жатыр. Мәселен, 6 желтоқсанға дейін Рfizer салдырған адамдардың саны 776-ға жетті. Оның ішінде бала емізетін 382 ана мен 29 жүкті әйел бар. Сондай-ақ, 12-18 жас аралығында 365 жасөспірім ата-анасының келісімімен аталған вакцинаны салдырды» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында вакцинаның ІІ компонентін 230 мыңнан астам адам алғанын хабарлап едік.


Жоғары қарай