Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 20 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

2022 жылдың 25 қаңтар 2022 19:45

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус жұқтырған 20 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын Атырау облысында коронавирус жұқтырушылар саны азаймай тұрғанын жазған едік.

Өткен тәулікте Атырау қаласы мен Теңіз кен орнында, сондай-ақ, 6 ауданда қауіпті вирусқа шалдыққан науқастар тіркелген. Қазір өңірдегі 5 914 адам үйінде емделіп жатыр.

«Ал, 2 360 инфекциялық стационарларда ем қабылдау үшін 564 (жүктеме – 23,9%) науқас оқшауланған. Өңірдегі инфекциялық стационарлардың 106 төсек-орны бар жансақтау бөлімінде жатқан 20 науқастың жағдайы ауыр. Оның ішінде өкпені жасанды желдету аппаратына 4 пациент қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеме – 18,9%», - деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.


Жоғары қарай