Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында коронавирус жұқтырған 2 науқас қайтыс болды

2022 жылдың 19 қаңтар 2022 13:53

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 2 адам қайтыс болды, жеп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қызыл» аймақтағы Атырау облысында 18 қаңтарда COVID-19 инфекциясын 584 адам жұқтырған. Оның ішінде Атырау қаласында қауіпті вирусқа 350 адам шалдыққан. Ал, Теңіз кен орнында 73 науқастың анықталғаны расталып отыр.

Сондай-ақ, науқастар жеті ауданда да тіркелген. Коронавирус індетінің белгісі Жылыой ауданында 53, Қызылқоғада – 24, Индерде – 20, Махамбетте – 19, Исатайда – 19, Мақатта – 17, Құрманғазы ауданында 9 адамнан табылған.

«Коронавирус инфекциясының симптомдары330 науқаста бар. Қазір 2 919 адам үй жағдайында емделіп жатыр. Жылыой ауданында орналасқан Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 543, модульдік ауруханада – 159, аудандардағы стационарларда – 48, ал, №2 облыстық ауруханада – 46, фтизиопульманологиялық орталықта 23 адам науқас жатыр. Кеше коронавирус инфекциясын жұқтырған екі пациент қайтыс болды», -деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 456 адам коронавируспен ауырып жатқанын жазған едік.


Жоғары қарай