Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында қатты жел мектеп шатырын ұшырып әкетті

2021 жылдың 23 шілде 2021 14:49

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында қатты жел мектеп шатырын ұшырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, кеше, 22 шілдеде қатты желден Қарабау орта мектебінің шатыры бүлінген.

«Кеше желдің ұйытқуы секундына 20-23 метрге жетті. Қатты желдің салдарынан сағат 16:39 минут Қызылқоға ауданының Қарабау ауылындағы орта мектептің шатыры ұшып кетті. Бүлінген аумақтың жалпы ауданы 100 шаршы метрді құрады» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.




Белгілі болғандай, бұл мектеп 1978 жылы салынған. Мектепке 2019 жылы күрделі жөндеу жүргізілген.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында сұрапыл жел үш мектептің шатырын ұшырғанын хабарлаған болатынбыз.





Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Жоғары қарай