Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысында карантин күшейтілді

2020 жылдың 11 шілде 2020 22:19

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында қосымша шектеу шаралары енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Амантай Жұмағалиевтің қаулысына сәйкес, өңірде келесі шектеу шаралары енгізілді:

- жұмыс уақытын сағат 10-нан 21-ге дейін шектей отырып азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне тыйым салынсын;

- азық-түлік емес дүкендердің жұмысына тек «үйге жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат етіледі;

- күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтап және жұмыс уақытын сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін шектей отырып, азық-түлік дүкендерінің (үйдің жанындағы азық-түлік дүкендері, шағын маркеттер, супермаркеттер, гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың (ғимараттардан тыс) қызметіне рұқсат ету;

- қоғамдық тамақтану объектілерінің (дәмханалар, мейрамханалар, барлар) қызметіне тек «үйге жеткізу» қағидаты бойынша сағат 10.00-ден 21.00-ге дейін рұқсат ету;

- ұйымдар мен кәсіпорындарға қызмет көрсетуді қоспағанда, халыққа қызмет көрсету жөніндегі объектілердің (көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық техника және басқалары) нысандардың қызметіне тыйым салу;

- Алматы қаласы, Ақтөбе және Маңғыстау облыстары бағыттары бойынша жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау тоқтатылады;

- бизнес орталығы объектілерінің (адвокаттардың, нотариустың, бухгалтерлік және кеңес беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот приставтары және басқалары) қызметіне тыйым салынады.

Айта кетейік, Бас санитарлық дәрігердің қаулысы 11 шілде сағат 00:00-ден бастап күшіне енді.

Еске сала кетейік, Атырау облысы коронавирусқа шалдыққан науқастар саны бойынша елімізде алдыңғы орында тұр.

Соған орай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Атырау облысына жұмыс сапарымен келіп, өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға қатысты шұғыл жиын өткізді.


Жоғары қарай