Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында карантин қандай жағдайда жеңілдейді

2020 жылдың 25 шілде 2020 17:11

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Тұрғындар санитарлық талаптар мен әлеуметтік қашықтықты қатаң сақтап, өңірдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанған жағдайда карантинді жеңілдету мәселесі қарастырылады, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сәдуақас Байғабыловтың айтуынша, қазіргі уақыттта шектеу шаралары, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мен зертханалық зерттеулер көлемін бөлудің нәтижесінде аймақта эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда.

«Жалпы алғанда, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар ішінде Теңіз кен орны қызметкерлерінің үлесі - 40 пайыз. Сонымен бірге, бізде шілде айының алғашқы жартысында орташа өсім 3,5-нан 5%, тіпті 10% -ға дейін барды. Бүгінде бұл көрсеткіш 1,5%-дан 2%-ға дейін төмендеді. Тәулігіне орта есеппен 40-160-тан бастап 190-200 жағдай тіркеліп отыр. Егер тұрғындар шектеу шараларын, сондай-ақ, әлеуметтік қашықтықты сақтаса, 3 тамыздан кейін карантин шараларын жеңілдету мәселесі қаралады», - деді Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, наурыз айынан бері өңірде коронавирус инфекциясын анықтау үшін 142 000 ПТР-тестілеу жасалып, 7 зертхана іске қосылды. Оның ішінде бір зертхана - мемлекеттік.

Әр зертхана жоспарлы емдеуге жатқызу, тәуекел тобы, сонымен бірге скрининг және кен орнының қызметкерлеріне байланысты өз деңгейіне сай ПТР-тестілеу жүргізеді.


Жоғары қарай