Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында «Еңбек» бағдарламасымен 24 348 адам қамтылды

2021 жылдың 13 қазан 2021 23:58

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында «Еңбек» бағдарламасымен 24 348 адам қамтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының

басшысы Азамат Мәмбетовтің мәліметінше, биыл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бағыттарына 24 032 адамды қамту көзделген.

«Қазір аталған бағдарламамен 24 348 адам қамтылып отыр. Бағдарламаның бірінші бағытымен 250 адамды кәсіптік-техникалық даярлау, ал, 1 510 жұмыссызды қысқа мерзімді курстарда оқыту жоспарланды. Сәуір айында басталған қысқа мерзімді оқыту курсынан 1 378 адам жіберілді. Оқыту курсын 911 адам аяқтады. Екінші екінші бағыт бойынша «Бастау-Бизнес» жобасымен 1 мың адамды оқыту, 154 адамға несие және 530 адамға мемлекеттік грант беру жоспарланды. Осы кезге дейін онлайн режимінде 1 015 адам «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, 223 адам несие мен 531 адам қайтарымсыз гранттар алды», -дейді Азамат Мәмбетов.

Оның дерегіне сүйенсек, бағдарламаның үшінші бағытымен 20 581 адамды қамту жоспарланған. Оның ішінде 332 адамды – әлеуметтік жұмыстарға, 798 жасты – жастар практикасына, 5 313 адамды – қоғамдық жұмыстарға, 46 адамды – алғашқы жұмыс орындарына және 14 092 адамды ваканттық жұмыс орындарына орналастыру бар.

«Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталықтарына 22 576 адам жүгінді. Қазірге дейін 20 864 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына 13 733 адам, уақытша жұмыстарға 7 131 адам жіберілді» -деп мәлім етті Азамат Мәмбетов.

Сондай-ақ, жұмыспен қамтудың жол картасымен 7 жобаның құрылыс жұмысына 221 адам тартылған. Бір жобаның құрылысы аяқталған.


Жоғары қарай