Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам мерт болды

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 14:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында екі көлік соқтығысып, жол апатынан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жол-көлік апаты бүгін, 14 қаңтар күні сағат 11:30 шамасында болған.

«Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан Маңғыстау облысындағы Бейнеу

ауданына қатынайтын тас жолдың 15 шақырымында екі көлік соқтығысты. Оның бірі – Армения Республикасында тіркелген «Honda Odessey», ал, екіншісі – Ресей Федерациясында тіркеуде тұрған «ВАЗ – 2115» автокөлігі. Жол-көлік оқиғасының салдарынан «ВАЗ – 2115» автокөлігінің 1996 жылғы жүргізушісі мен 3 жолаушысы оқиға орнында мерт болды. Ал, екінші көліктің жүргізушісі мен жолаушысы Жылыой ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. Жол апатынан жарақат алған жолаушы ауруханада көз жұмды», -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында есірткі жарнамалаған 17 сайт

бұғатталғаны хабарланған болатын .









Жоғары қарай