Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында биылғы он айда 418 сәби шала туған

2021 жылдың 22 қараша 2021 22:08

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында биылғы он айда 418 сәби шала туған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Сәдуованың мәліметіне сүйенсек, биылғы 10 айда 8 131 бала дүниеге келген.

«Қазір облыстық перинаталдық орталықтың жансақтау бөлімінде салмағы өте төмен 15 сәби дәрігерлердің бақылауына алынды. Биылғы он айда 418 сәби мерзімінен бұрын өмірге келді. Шала туғандардың ең жеңіл салмағы – 500 грамнан 1 келіге дейін аралықты құрап отыр. Былтыр шала туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі 20%-ға, биыл 33%-ға артты. Мұндай оң көрсеткішке дәрігерлердің неонатологиялық біліктілігін арттыру, кювездер мен өкпені жасанды желдету аппараттарын, тыныс алуды қалыпты ұстап тұратын СИПАП-қондырғыларды сатып алу арқылы қол жеткіздік» -дейді Жанар Сәдуова.

Оның айтуынша, жүкті аналардың мерзімінен бұрын босануына әсер ететін бірнеше себеп бар. Біріншіден, жүктілік арасындағы аралық сақталмайды. Екіншіден, аналар жүкті болғаннан кейін дәрігерге қаралуды созып алады. Үшіншіден, жүктілікті алдын ала жоспарламайды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда сайлау күні тұске дейін 23 сәби өмірге келгенін жазған едік.


Жоғары қарай