Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында бір тәулікте 111 адам коронавирусқа шалдықты

2021 жылдың 22 қаңтар 2021 11:49

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында бір тәулікте 111 адам коронавирусқа шалдықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастарда қауіпті вирус ПТР-тест нәтижесінде расталған. Науқастардың арасында 29 адам Атырау қаласында тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 71 жұмысшы, Құрманғазы ауданында 4, Қызылқоғада – 2, Жылыойда – 2, Индерде – 1, Исатайда – 1, Мақат ауданында 1 адамнан Сovid-19 анықталған. Короновирустың симптомды түрі 26 науқастан табылған.

«Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан 63 адам жазылып шықты. Қазір 166 адам үй жағдайында емделуді жалғастыруда. Облыстық инфекциялық стационарда 103, аудандардағы стационарларда - 41, ал, Теңіз кенішіндегі стационарда 848

адам емделіп жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көпшілік іс-шараны өткізуге тыйым салынып, Теңіз кенішінде карантиндік шектеулер ұзартылған болатын.


Жоғары қарай