Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында АИТВ жұқтырғандар саны артып келеді

2022 жылдың 16 мамыр 2022 07:30

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында АИТВ жұқтырғандар саны артып келеді. Бұл туралы брифинг барысында ЖИТС орталығының меңгерушісі Аягөз Әбілғазиева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірде АИТВ жұқтырғандар саны жыл сайын артып келеді. Егер өткен жылы 4 айда АИТВ 12 адамнан анықталған болса, биыл осы мерзімде 27 жағдай тіркелген. Соңғы 30 жылда ЖИТС-тен 13 адам қайтыс болды, 293 адам диспансерлік есепте тұр. 2022 жылы инфекция жұқтырғандардың арасында 11,3% немесе 3 адам инфекцияны есірткі қабылдау кезінде жұқтырған, 51,8% немесе 14 жағдай гетеросексуалдарға, 18,5% немесе 5 жағдай гомосесуалдарға тиесілі. Өзге жағдайларда вирус медициналық емес манипуляция жағдайында жұққан»,-деді Аягөз Әбілғазиева.

Оның мәліметтерінше, АИТВ жұқтырғандардың жасы 15-49 аралығында. Басым бөлігі ер адамдар.


Жоғары қарай