Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында 6 оттегі стансасы салынып жатыр

2020 жылдың 18 қыркүйек 2020 12:15

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 6 оттегі стансасы салынып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек ​ Қабдықапаровтың мәліметіне сүйенсек, облыстық ауруханада, №2 облыстық ауруханада, облыстық кардиологиялық орталық пен Құрманғазы, Жылыой, Қызылқоға аудандық ауруханаларында орталықтандырылған оттегі стансасының құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Сонымен қатар, Индер, Исатай аудандық ауруханаларында оттегі стансасын орнатуды қаржыландыру мәселесі қаралуда», - деді Нұрлыбек ​ Қабдықапаров.

Оның айтуынша, бұған дейін облыстың медициналық ұйымдары 224 өкпені жасанды желдету, 27 рентген, 10 компьютерлік томография, 977 оттегі генераторымен, сондай-ақ, 1100 пульсоксиметрмен қамтамасыз етілген. Жеке қорғаныш құралдарының​ екі айлық қоры бар. Дәрі-дәрмек қоры ​ жеткілікті.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда медицина қызметкерлеріне 2 млрд теңгеден астам үстемеақы төленген еді.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Құрылыс, Атырау облысы,
Жоғары қарай