Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысында 470 мұғалім жетіспейді

2020 жылдың 3 тамыз 2020 17:08

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысының мектептерінде 470 мұғалім жетісрейді. Бұл туралы жергілікті БАҚ-қа сұхбат берген облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта облыста 470 мұғалім жетіспейді. Биыл педагогтар қатары 110 жас маманмен толығады. Оның 20-сы –бастауыш сынып мұғалімі. Ал, 8 мұғалім орыс сыныптарына сабақ беретін болады. Жаңа оқу жылында 582 бастауыш сынып ашылады. Оның ішінде 128 орыс сыныбы бар» -деді әкім.

Оның мәлім етуінше, бұл проблеманы шешу үшін педагог мамандығына оқитын студенттерге гранттар бөлінеді.

«Көктемде қашықтан оқыту үшін 1400 компьютер сатып алынған еді. Енді тамыз айында жергілікті бюджет есебінен тағы да 3000 компьютер сатып алынады. Жыл аяғына дейін республикалық бюджет қаржысына 18 мың компьютер сатып алу жоспарланып отыр», -деді Махамбет Досмұхамбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда «Дипломмен –ауылға» бағдарламасы бойынша 40-қа жуық жас ауылға барып жұмыс істейтінін хабарлағанбыз.



Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Білім, Әкім,
Жоғары қарай