Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау облысында 23 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

2022 жылдың 23 қаңтар 2022 07:44

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Биыл Атырау облысында 23 мыңға жуық жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетовтің мәліметінше, биыл «2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі» Ұлттық жоба шеңберінде әлеуметтік қолдау шараларын жалғастыру көзделіп отыр.

«Биыл Атырау облысында аталған жоба аясында 22 981 адамды жұмыспен қамту шараларымен қамту жоспарланды. Оның ішінде бос жұмыс орындарына 14 374, әлеуметтік жұмысқа 338, жастар тәжірибесіне 825, қоғамдық жұмыстарға 3 868, алғашқы жұмыс орындарына 91 адам орналастырылады. Ал, қысқа мерзімді кәсіптік курсқа 1 840, «Бастау-Бизнес» жобасымен кәсіпкерлік негіздеріне 1000 адамды оқыту жоспарланды. Сондай-ақ, өз ісін ашу үшін 645 адамға гранттар берілед», -дейді Азамат Мәмбетов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын «Еңбек» бағдарламасымен Атырау облысында 24 509 адам жұмысқа орналасқанын хабарлаған болатынбыз.


Жоғары қарай