Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысында 224 адам ревакцинациядан өтті

2021 жылдың 30 қараша 2021 13:19

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында 224 адам ревакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда,

ревакцинаны алатындар саны 2 286 адамды құрап отыр.

«Атырау облысында 23 қарашадан бері ревакцинаны 224 адам салдырды. Ал, биылғы 1-28

ақпан аралығында Спутник – V вакцинасын ектірген адамдардың саны – 2 286. Енді олар

ревакцинаны алуы керек. Бұған 8 санаттағы адамдар кіреді. Олар – педагогтар мен

медицина саласының қызметкерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен

полицейлер, мемлекеттік қызметшілер мен студенттер. Сондай-ақ, бұл санатта арнайы

мекемелердің қызметкерлері мен созылмалы сырқатымен есепте тұрған пациенттер бар», -

деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова

ревакцинациядан өткенін жазған едік.


Жоғары қарай