Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысына келесі жылға 25 мың тонна бидай керек

2021 жылдың 26 қазан 2021 08:44

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысына келесі жылға 25 мың тонна бидай алу үшін сұраныс берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен өткен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға қатысты жиынға белгілі болды.

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың айтуынша, 19 түрлі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының бағасын негізсіз өсіруге жол бермеу мақсатында апта сайын мониторинг жүргізіліп отыр.




«Делдалдық саудаға жол бермеу үшін жергілікті ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге 128 тегін сауда нүктесі берілді. Қазір «айналым схемасы» арқылы жұмыстар жүргізілуде. Бұл әдіс бойынша 800 тонна картоп, 600 тонна сәбіз, 400 тонна пияз, 250 тонна қырыққабат жиналды», - дейді Амангелді Саламат.

Оның дерегіне сүйенсек, Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» ҰК АҚ-дан 2022 жылға 25 мың тонна бидай алуға сұраныс берілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында «Еңбек» бағдарламасымен 24 348 адам қамтылғанын жазған едік.








Жоғары қарай