Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау облысына дәрігерлер жіберіліп, дәрі-дәрмек жеткізіледі - Президент

2020 жылдың 11 шілде 2020 23:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Үкіметі Атырау облысына дәрігерлер жіберіп, дәрі-дәрмек жеткізеді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысындағы ахуал туралы қоғам өкілдерінің шағымдарымен таныстым. Премьер-Министрдің орынбасары бастаған комиссия аймаққа барып қайтты. Үкімет өңірге дәрігерлер жібереді, дәрі-дәрмек жеткізіп, көмектеседі», - деп жазды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-де.

Айта кетейік, Атырау облысы коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны бойынша елімізде алдыңғы орында тұр. Өңірде барлығы 7393 адам тіркелді, оның 4729-ы жазылып шықты, қайтыс болды - 13 науқас.

Осы ретте, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов бастаған делегация Атырау өңіріне барып, шұғыл жиын өткізді.

Вице-премьер мәлім еткендей, облыс дәрі-дәрмекпен 94 пайызға қамтылған.

Кеңес барысында эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға қатысты қолға алынатын шаралар айтылды.

Ал 11 шілде күні сағат 00.00-ден бастап Атырау облысында карантин шаралары күшейтілді.






Жоғары қарай