Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 409.19
EUR 461.24
RUB 5.67
CNY 58.26

Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысы пара алу күдігіне ілікті

2020 жылдың 4 маусым 2020 12:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Атырау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Атырау облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жедел-тергеу қызметінің нәтижелері туралы өткен онлайн брифингте айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ол 2019 жылғы 25 қазанда кәсіпкерден жүк тасымалына рұқсат беру және жалпы қамқорлығы үшін 150 000 теңге көлемінде пара алған. Инспекция басшысы 2017 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін белгіленген тыйымға қарамастан, жақын туысының атына тіркелген арнайы автотехниканы жалға беру бойынша жеке кәсіпкерлік субъектісін басқаруға қатысқандығы анықталды. Сондай-ақ бұл жеке кәсіпкерге жеңілдіктер мен қамқорлық көрсеткен», - дейді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

«Кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады», - дейді ол.


Жоғары қарай