Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облысы әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы тағайындалды

2021 жылдың 20 мамыр 2021 18:01

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің өкімімен Азамат Саматұлы Мәмбетов облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Азамат Мәмбетов 1986 жылы Ақтөбе облысында туған. Екі жоғары білімі бар. Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін экономист мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Ақтөбе қалалық әкімі аппараты жанындағы «Ақтөбе-Геозем» мекемесінде кадр жөніндегі бас маман ретінде бастаған. 2010-2011 жылдары Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының әкімшілік-құқықтық және кадр бөлімінде кадр ісі жөніндегі бас маман болып жұмыс істеген.





2011-2013 жылдары аталған басқарманың стратегиялық және бағдарламалардың құжаттар мониторингісі жөніндегі бөлімінде заңгер, 2013-2019 жылдары осы басқармада бөлім басшысы болған.

2019 жылдан бері облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысының энергетика басқармасына жаңа басшы келгенін жазған едік.


Жоғары қарай