Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау облыстық ауруханасында оттегі цехы салынып жатыр

2020 жылдың 12 тамыз 2020 21:20

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облыстық ауруханасында салынып жатқан оттегі цехы қыркүйектің соңында пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Атырау облыстық ауруханасының бас дәрігері Ербол Иманғалиевтің айтуынша, дербес отегі цехы іске қосылған соң баллон тасымалдауға қажеттілік болмайды.

«Бұған дейін ауруханада дербес оттегі тасымалын жүзеге асыратын 60 нүкте болған еді. Бірақ, эпидемиологиялық ахуал ушыққан кезде 60 торап аздық етті. Ал, салынып жатқан оттегі цехы аурухананы кислород тарататын 300 нүктеге дейін қамтамасыз етеді. Оның ішінде, оттегінің 260 нүктесі аурухананың жаңа ғимаратына тартылды.

Дербес цех өздігінен оттегі өндіреді. Қазір аурухананың провизорлық стационарында оттегі баллондары тасымалданып жатқан жоқ. Өйткені, коронавирус инфекциясымен емделіп жатқан науқастар саны азайды», - дейді Ербол Иманғалиев.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың мәлім етуінше, оттегі цехтарын сондай-ақ, облыстық кардиологиялық орталық пен №2 облыстық ауруханада салу жоспарланып отыр.

«Оттегі желісінің күші қанша науқасқа жететінін, тиімділігін жан-жақты ойластырудамыз. Бұдан бұрын Махамбет ауданындағы 100 керуеттік инфекциялық стационарда 12 оттегі нүктесі тартылған болатын. Алдағы уақытта оның санын көбейтуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Құрманғазы ауданында жаңадан салынып жатқан ауруханаға да оттегі желісінің нүктесі толықтай тартылады. Одан кейін Қызылқоға, Мақат, басқа да аудандарға оттегі желілерін тартуды жоспарлаудамыз», - дейді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау ауруханалары тамызда жоспарлы емдеуді бастайтынын хабарлап едік.



Жоғары қарай