Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі

2020 жылдың 19 қазан 2020 02:46

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытына жоспардан тыс тексеру жүргізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

17 қазанда Facebook-те «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС тарапынан шығып жатқан түтінге байланысты видео тараған еді.

«Аталған дерекке қатысты Атырау облысының Экология департаменті қызметкерлері сол күні оқиға орнына барып, кәсіпорынның санитарлық-қорғау аймағының шекарасында ауа сынамасын алды. Зертханалық талдау нәтижесіне сәйкес, күкіртсутегі, азот оксиді, азот диоксиді, көміртегі оксиді және көмірсутек мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан асқан жоқ. Сонымен қатар, департаментпен «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-не қатысты жоспардан тыс тексеруді бастау туралы жұмыс жүргізілуде. Тексеру нәтижелері туралы қосымша хабарланады»,- деп хабарлады Экология департаментінің баспасөз қызметі.

Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Экология, Атырау облысы,
Жоғары қарай