Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

Атырау мұнай өңдеу зауыты ел бюджетіне 38,5 млрд теңге аударған

2020 жылдың 23 ақпан 2020 03:38

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауытынан ел бюджетіне 38 млрд 467 млн теңге аударылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау мұнай өңдеу зауытында өңделген мұнай көлемінің ұлғаюымен ел бюджетіне аударылған салық түсімі де артып отыр.

Зауыт баспасөз қызметінің хабарлауынша, былтыр атыраулық мұнай өңдеушілер ел бюджетіне 38 млрд 467 млн теңге аударды. Мұның ішінде 7 млрд 385 млн теңге республикалық бюджетке түсті. Ал, облыстық бюджет 29 млрд 369 млн теңгемен толықты.



Жоғары қарай