Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны жайлы ақпаратты жоққа шығарды

2020 жылдың 18 қазан 2020 15:51

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау мұнай өңдеу зауыты зиянды заттардың апатты мөлшерде шығарылуы туралы видеоны жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлеуметтік желілерде Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірілген зиянды заттың апатты мөлшерде шығарылуы туралы видео тарап жатыр. Осыған орай, 17-18 қазанда зауыт қондырғылары технологиялық режимде жұмыс істеп тұрғанын, жұмысында ақау жоқ және апатты жағдай болмағанын хабарлаймыз. Технологияға сәйкес каталитикалық крекинг қондырғысы жану өнімдерінің атмосфераға енуіне жол бермейтін заманауи BELCO (америкалық технология) түтін газын тазарту жүйесімен жабдықталған. Қоршаған орта температурасының төмендеуіне байланысты түтін құбырларынан жылу ізі айқын көрінеді, атмосфераға тарайтын ластаушы зат мөлшерінің артып кетуіне жол бермейді», - деп хабарлады мұнай өңдеу мекемесінің қоғаммен байланыс қызметі.

Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде таңға жуық жағымсыз иістің байқалғанын жазып жатыр.



Жоғары қарай