Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау мен Маңғыстау облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 20 қараша 2020 18:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атырау мен Маңғыстау облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

21 қарашада Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 17-22 м/с жетеді.

Ертең Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі мүмкін.

21 қарашада Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.

Ертең күндіз Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с жетеді.


Жоғары қарай