Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау қаласында демалыс күндері жәрмеңке өтеді

2021 жылдың 30 шілде 2021 12:35

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – «Қызыл» аймақтағы Атырау қаласында демалыс күндері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы ақпаратты Атырау қалалық әкімдігі Facebook-тегі парақшасында жариялады.

«31 шілде және 1 тамыз күндері сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін «Аламан» және «Елнас» базарында Атырау қаласының тауар өндірушілері мен шаруашылық құрылымдарының қатысуымен жәрмеңке ұйымдастырылатынын хабарлайды. Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес короновирус инфекциясының алдын алу шаралары бойынша сізден өзіңіздің денсаулығыңызды қорғау мақсатында адам арасында 2 метр қашықтықты және маскалық режим сақтауыңызды сұраймыз» -делінген әкімдік таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ, ақпаратта жәрмеңке өтетін орынға қатынайтын қоғамдық көліктің маршруты көрсетілген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атыраудағы инфекциялық стационарда 102 жүкі әйел жатқанын хабарлаған едік.


Жоғары қарай