Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Атырау қаласында Абайдың еңселі ескерткіші қойылды

2021 жылдың 30 желтоқсан 2021 14:51

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында Абайдың еңселі ескерткіші қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының есімі берілген 5 мектеп пен 28 көше бар. Ал, былтыр ойшылдың есімі Атырау қаласында бой көтерген оқушылар мен жастар сарайына берілген еді. Соған байланысты нысанның атауы Абай орталығы болып өзгертілген.

Қазір бұл орталықта 30 бағытты қамтитын 100-ге жуық үйірме бар. Үйірмелерде 800-ге жуық оқушы өнер, шығармашылық, технология, көркем-эстетика, спорт, әскери-патриоттық, экология-биология бағытында қосымша білім алады.

Ал, бүгін аталған орталық алдына Абайдың еңселі ескерткіші қойылды. Ескерткіш қоладан құйылған. Оның авторы – мүсінші Асқар Нартов.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда академик Салық Зимановтың ескерткіші ашылғанын жазған болатынбыз.



Жоғары қарай