Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау қаласында 23 адамды сарышаян шаққан

2021 жылдың 19 қазан 2021 13:24

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында сарышаян шаққан 23 адам жедел жәрдем қызметіне жүгінген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазан айы басталғалы бері 103 қызметіне 23 шақырту түскен.

«Жедел жәрдемге 1-19 қазан аралығында Атырау қаласындағы шағын аудандарда жеке үйлерде тұратын тұрғындар шағымданған. Сарышаяннан зардап шеккендерге жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Шағымданушының жағдайына байланысты стационарларлық емдеуге жатқызу жүргізіледі. Әдетте мұндай жәндіктен зардап шеккендер дәрігерлердің амбулаторлық бақылауында болады» - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Қазір облыстық балалар ауруханасы мен облыстық ауруханаға сарышаяндар шаққан науқастар түспеген.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жеке үйлердің ауласын сарышаян қаптағанын жазған болатынбыз.


Автор Бек Мұстафа
Басты сөздер: Атырау облысы, Қоғам, Оқиға,
Жоғары қарай