Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау қаласында 17 тамыздан бастап қоғамдық көліктер қайта жүреді

2020 жылдың 15 тамыз 2020 09:32

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында 17 тамыздан бастап қалаішілік 13 әлеуметтік маңызы бар маршрут жолаушылар тасымалын қайта жаңғыртады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Желіде қозғалыс жиілігі - 10-15 минуттан барлығы 85 автобус жүреді. Автобустар сағат 07:00-ден 21:00-ге дейін қатынайтын болады.
«Дүйсенбіден бастап тек қалаішілік бағдарлар жүреді. Олардың жұмысына бірқатар жағдайда ғана рұқсат етіледі. Нақтырақ айтқанда, жолаушылар саны тек салондағы орындықтар санына сәйкес болуы тиіс, бетперде, санитарлық және дезинфекция режимі сақталуы керек. Жол жүру ақысы картамен төленеді. Кондукторлар жолаушы саны мен отыру ережесін бақылауы тиіс. Салон жолаушыларға толған жағдайда, автобус аялдамаларға тек жолаушыларды түсіру үшін ғана тоқтайды, артық адам алмайды.
Егер, санитарлық режим толықтай сақталса 24 тамыздан бастап қала маңында қатынайтын автобустар да жүре бастайды», делінген хабарламада.
Қала тұрғындары әлеуметтік қашықтықты сақтап, маска тағулары және антисептикалық құралдарды міндетті түрде қолдануы тиіс.
Айта кетейік, карантин енгізілгенге дейін жолаушылар тасымалымен 8 автобус паркі айналысты. Жалпы қалалық паркте бекітілген 26 маршрут бойынша 160 автобус бар.


Басты сөздер: Атырау облысы, Көлік,
Жоғары қарай