Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Атырау қалалық әкімдігінің қызметкері коронавирус жұқтырды

2020 жылдың 10 маусым 2020 19:12

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қалалық әкімдігінің қызметкері коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің қызметкері 7 маусымда ЖРВИ белгісімен медициналық көмекке жүгінген. Одан зертханалық сынамалар алынып, тексеру нәтижесінде COVID-19 індеті анықталған.

ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 30 мамырдағы №38 қаулысына сәйкес Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимге сай қашықтан жұмысын жалғастыруда.

«Әлеуметтік желілерде Атырау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің карантинге жабылғаны туралы ақпарат жалған. Қазіргі уақытта науқас жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылып, бекітілген хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр», - деді облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен.

Ал, науқаспен жақын қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынған. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілген.

Бұған дейін Атыраудағы Ақкөл ауылы карантинге жабылып, Миялы ауылында карантин, ал Мұқырда шектеу шаралары енгізілгенін хабарлаған едік.


Жоғары қарай