Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Атырау халқының 86 пайызы вакцинаның бірінші компонентін алды

2021 жылдың 17 қыркүйек 2021 13:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінде Атырау облысында тұрғындардың 86 пайызы вакцинаның бірінші, 76 пайызы екінші компонентін алыпты. Бұл туралы Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елімізде жаппай екпе алу жүріп жатқанымен, қоғамда оған қарсы адамдар әлі де көп. Өздері бас тартып қана қоймай, халықты кері үгіттеп отыр. Мұндай адамдар өзінің ғана емес, өзгенің өмірі үшін де жауап беретінін түсінуге тиіс. Осы орайда «екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегінде кетпеген жөн» деп атап өткен еді Мемлекет басшысы. Бүгінгі күні біздің облыста вакцинаның I компонентін 215357 (86%) адам алды, II компоненті 166 570 адамға (76%) салынды. Бұл - облыс бойынша жалпы екпеге алуға жататын тұрғындардың 71,8%. Қазір облыста 59 вакцина бекеті жұмыс істеп тұр, оның 10-ы - жылжымалы», - деді Бақытгүл Хаменова ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, биыл ақпан айынан бері өңірге вакцинаның І компонентінің 248 330 дозасы және II компоненттің 216 790 дозасы жеткізілген.

«Қала және аудандардағы екпе алу бойынша күнделікті жоспар бекітіліп, рейтинг жасалып отыр. Вакцинация бойынша ақпараттық түсіндіру үшін қала және аудан әкімдіктері медицина қызметкерлерімен бірлесіп, күнделікті аулаларды аралайды. Одан бөлек, өңірдегі вакцинация көрсеткішін жақсарту мақсатында сауда үйлері мен ойын-сауық орталықтарында түрлі шаралар ұйымдастырылуда», - дейді ол.


Жоғары қарай